Жалпы білім беретін №43 орта мектеп – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруіне жағдай жасайтын білім беру ұйымы.
Білім ордасының ғимараты Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №250 қаулысы негізінде пайдалануға берілген. Мектептің жобалық сыйымдылығы – 600 оқушы. Қазіргі таңда мектепте 1103 оқушы білім алып, 97 мұғалім қызмет атқарады.
Мектептің оқу қызметі
Мектептің басты міндеттерінің бірі – білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың жеке қабілеттерін ашу және заман талабына сай білім алуына мүмкіндік жасау. Оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын, ақпараттық мәдениетін және өздігінен білім алу қабілетін дамытуға басымдық беріледі.
Педагогтер оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әр оқушының білім жетістігін арттыруға, пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға және білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған жұмыстар жүргізеді. Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, зияткерлік сайыстарға, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіледі.
Мектептің тәрбие бағыты
Мектептегі тәрбие жұмысы оқу үдерісімен сабақтастықта жүзеге асырылады. Тәрбиенің негізгі мақсаты – отансүйгіш, адал, жауапты, еңбекқор, мәдениетті және қоғам өміріне белсенді қатысатын азамат қалыптастыру.
Тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеяларына сүйене отырып, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілікті және қоғамдық ортада дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.
Мектепте сынып сағаттары, танымдық кездесулер, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар, қайырымдылық акциялары, әлеуметтік жобалар, кітап оқу бастамалары, экологиялық шаралар, ата-аналармен бірлескен жұмыстар және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жүйелі ұйымдастырылады.
«Адал азамат» бағдарламасының алты құндылығы
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы төмендегі алты құндылықты негізге алады:
Тәуелсіздік және отаншылдық
Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ел тарихын білуге және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Бірлік және ынтымақ
Білім алушылар арасында достықты, өзара сыйластықты, татулықты, ұжымшылдықты және түрлі көзқарастарға құрметпен қарауды дамыту.
Әділдік және жауапкершілік
Әр оқушының бойында адалдық, шыншылдық, әділ шешім қабылдау, өз ісіне жауап беру және қоғамдық ортада сенімге ие болу қасиеттерін қалыптастыру.
Заң және тәртіп
Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң талаптарын құрметтеуге, мектеп ережелерін сақтауға, тәртіпті болуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізу.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Еңбекті құрметтеуге, білім алуға ұмтылуға, бастаған істі соңына дейін жеткізуге, кәсіптік бағдарын анықтауға және болашақ мамандығына жауапкершілікпен қарауға баулу.
Жасампаздық және жаңашылдық
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, бастамашылдығын, ізденімпаздығын, жаңаша ойлауын және өз идеяларын жүзеге асыру дағдыларын дамыту.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара байланысы ерекше маңызға ие. Осы бағытта ата-аналармен бірлескен кездесулер, тәрбиелік жобалар, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралар және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мектеп ұжымы ата-аналармен ынтымақтастық орната отырып, әр баланың қабілетін дамытуға, тұлғалық қалыптасуына және қолайлы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылады.
Педагогтер құрамы
Жынысы бойынша
Біліктілік санаты бойынша
Әдістемелік жұмыс
Атырау қаласы № 43 мектепте әдістемелік жұмыс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіруге, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және білім беру үдерісіне зерттеушілік тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Мектептің әдістемелік қызметі мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту, жас мамандарды қолдау, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру және оқушы жетістіктерін арттыру бағыттарында жүйелі жүзеге асырылуда.
Әдістемелік жұмыстың сандық көрсеткіштері
2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша:
Бұл көрсеткіштер педагогтердің кәсіби дамуына, бірлескен зерттеу жұмыстарына және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетті.
2025–2026 оқу жылындағы әдістемелік қызмет
2025–2026 оқу жылында мектептің әдістемелік жұмысы зерттеушілік мәдениетті қалыптастыруға, сабақ беру сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға басымдық берді.
Зерттеуші педагог және кәсіби ынтымақтастық
Мектепте Lesson Study (сабақты зерттеу) және Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) тәсілдері арқылы педагогтердің зерттеушілік дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында мұғалімдер оқушылардың оқу әрекетін бақылап, оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде сынақтан өткізді. Зерттеу деректерін жинақтау мен талдауда цифрлық құралдар қолданылды.
Әдістемелік қолдау мен зерттеу жұмыстарын үйлестіру аясында аталған педагогтер жүйелі жұмыс атқарды. Мектеп педагогтерінің кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндіктері кеңейіп, зерттеу нәтижелерін талдау мен рефлексия жасауға бағытталған жұмыс күшейтілді.
«Pacemakers» стратегиялық жобасы
2025–2026 оқу жылында «Pacemakers» жобасы аясында әдістемелік қызмет пен тәрбие жұмысы өзара сабақтастықта ұйымдастырылды.
Жоба төрт негізгі бағытты қамтыды:
Аталған бағыттар мектеп қауымдастығының өзара байланысын нығайтуға, оқушыларға қолайлы орта қалыптастыруға және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға негіз болды.
Жас мамандарды қолдау және кәсіби дамыту
Мектепте жас педагогтердің кәсіби бейімделуіне, әдістемелік шеберлігін қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды.
Тәлімгерлік, коучинг, кері байланыс және тәжірибе алмасу жұмыстары жас мамандардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге бағытталды.
Сәуір айында «Шығармашыл ұстаз – 2026» мектепішілік байқауы өткізіліп, нәтижесінде К. Мукашева, Г. Досмагулова және Г. Абулайхариваның озық педагогикалық тәжірибесін мектеп деңгейінде тарату туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, педагог-магистрлердің кәсіби әлеуетін дамыту мақсатында «Магистрлар апталығы» ұйымдастырылды. Іс-шараға 16 магистр қатысып, өз тәжірибелерін рефлексиялық талдау және кәсіби тәжірибемен бөлісу форматында қорытындылады.
Әдістемелік кеңестер мен коучингтер барысында «4К» рефлексиялық моделі қолданылып, педагогтердің өз тәжірибесін талдау, кәсіби сұрақтарын анықтау және жаңа білімді тәжірибеге енгізу дағдылары дамытылды.
Педагогтерді аттестаттау және кәсіби өсу
2025–2026 оқу жылында мектепішілік аттестаттау комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізді.
Есепті кезеңде педагогтердің кәсіби санаттарын растау және алу бойынша 10 өтініш қаралды. Оның ішінде 1 өтініш – қолданыстағы санатты растауға; 9 өтініш – жаңа санат алуға бағытталды.
Комиссияның екі отырысында педагогтердің портфолиолары мен кәсіби жетістіктері қарастырылып, барлық 10 өтініш қанағаттандырылды.
Нәтижесінде 10 педагогке «педагог-модератор» біліктілік санаты беріліп, педагогтердің кәсіби дамуына және мектептің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етті.
Әдістемелік жұмыстың сапалық нәтижелері
Мектептің әдістемелік қызметі барысында төмендегідей нәтижелерге басымдық берілді:
- педагогтердің зерттеушілік дағдылары мен кәсіби рефлексиясын дамыту;
- жас мамандарға жүйелі әдістемелік қолдау көрсету;
- тиімді педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
- оқушылардың оқу қажеттіліктеріне сәйкес сабақ беру әдістерін жетілдіру;
- ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту;
- қауіпсіз, қолайлы және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру;
- педагогтердің кәсіби жетістіктерін бағалау және біліктілік санаттарын көтеруге жағдай жасау.
Алдағы даму бағыттары
2026–2027 оқу жылында мектептің әдістемелік қызметі Lesson Study және Action Research зерттеулерін кеңейтуге, жас мамандардың жеке кәсіби даму траекторияларын жетілдіруге, зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта жүйелеуге және заманауи оқыту модельдерін тәжірибеге енгізуге бағытталады.
Сонымен қатар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, STEAM, критериалды бағалау және жобалық оқыту элементтерін дамыту, ата-аналармен серіктестікті нығайту жұмыстары жалғасады.
Қорытындылай келе, Атырау қаласы № 43 мектептің әдістемелік жұмысы педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға, зерттеушілік мәдениетті қалыптастыруға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі қызмет болып табылады. Сандық көрсеткіштермен қатар, педагогтердің тәжірибесін жетілдіру, кәсіби ынтымақтастықты дамыту және оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасау мектептің әдістемелік жұмысының негізгі нәтижелері ретінде қарастырылады.
Біздің мақсатымыз
Біздің мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар ұсыну арқылы өз елін сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған, еңбекқор, білімді, жаңашыл және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Жалпы білім беретін №43 орта мектеп – білім мен тәрбиені тоғыстырған, болашаққа сеніммен қадам басқан жас ұрпақтың ордасы!