Жаңалықтар және Жетістіктер

25 қазан – Республика күні! Күй күмбірі – елдіктің үні!

Республика күніне орай мектебімізде оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар бірлесе отырып, ұлттық өнерімізді ұлықтаған ерекше музыкалық шара ұйымдастырды.

Домбыраның күмбірлеген үнімен «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлері орындалып, мектеп төрінде ұлттық рух пен патриоттық сезімге толы әсерлі сәттер орын алды.

Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, бірліктің және ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісі. Оқушы, ата-ана және ұстаздың бір арнада тоғысуы – ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің белгісі.

Күйіміз күмбірлеп, көк туымыз желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!

▶ Бейнені Facebook-те көру
25 қазан – Республика күні! Күй күмбірі – елдіктің үні!

Білімді де белсенді оқушыларымыз

Мектебіміздің оқушылары білімге құштарлығымен, шығармашылық ізденісімен және қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Мектебімізде «Сенім» парламент оқушылары, «Адал ұрпақ» және «Жас инспекторлар» т.б ұйымдары жұмыс істейді. Оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, өз бастамаларын ұсынып, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытып келеді.

«Жас инспекторлар» және «Сенім» парламент ұйымының мүшелері қалалық жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленіп, облыстық кезеңде І орынға қол жеткізді. «Жас инспекторлар» ұйымының оқушылары кейін республикалық жарысқа қатысып, мектебіміздің намысын қорғады. Мектебіміз оқушылардың бастамаларын қолдап, олардың білімін, қабілетін және қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Білімді де белсенді оқушыларымызБілімді де белсенді оқушыларымызБілімді де белсенді оқушыларымызБілімді де белсенді оқушыларымыз

Оқушылардың жетістіктері

Олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері

Уақыт АқеркеІ орын
Облыстық кезең

Уақыт Ақерке

9-сынып

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жүлделі І орынға ие болды.

Бекжан ҚайыржановЖүлделі орын
Қалалық кезең

Бекжан Қайыржанов

9-сынып

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11-сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі орынға ие болды.

Қайыржан БекжанІІІ орын
«Зерде» байқауы

Қайыржан Бекжан

7-сынып

«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында «Этномәдениет» секциясы бойынша жүлделі III орынға ие болды.

Қасым ГүлденІІ орын
Республикалық олимпиада

Қасым Гүлден

«Ақбота-2025» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы, қазақ тілі пәні бойынша ІІ орын. Жетекшісі – Кумарова Т.Ж.

Уахит АқеркеІІ орын
Облыстық кезең

Уахит Ақерке

10-сынып

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Кумарова Т.Ж.

Қадыржан ЖанельІІІ дәреже
Қалалық кезең

Қадыржан Жанель

10-сынып

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінде «Салауатты табиғи орта – Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» тақырыбындағы жоба бойынша биология секциясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.