Ата-аналарға және оқушыларға

Bilim Class — электронды журналОқушының электронды журналы мен күнделігі Кіру →

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Жалпы білім беретін №43 орта мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» 2023 жылы ашылды. Содан бері орталық ата-аналарға бала тәрбиесі мәселелерінде жүйелі қолдау көрсетіп, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Орталықтың мақсаты — балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту. Оның жұмысы ата-аналарға баланың жас ерекшеліктерін түсінуге, онымен сенімді қарым-қатынас орнатуға және тәрбиеде туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге көмектесуге бағытталған.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • ата-аналарға бала тәрбиесі мен дамуына қатысты жүйелі педагогикалық қолдау көрсету;
  • мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту;
  • ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып, мектеп өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау.

Орталық ашылған уақыттан бері ата-аналарды қолдау бағдарламасына сәйкес оқу жылы бойы түрлі сабақтар, дәрістер мен кездесулер өткізіліп келеді. Бұл жұмыстар ата-аналардың тәрбиелік білімін толықтыруға, тәжірибе алмасуына және алған білімін отбасындағы күнделікті қарым-қатынаста қолдануына мүмкіндік береді.

Баланы тыңдай білу, оның сезімі мен пікірін құрметтеу, оқуына қолдау көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасындағы өзара түсіністікті сақтау — ата-ана үшін маңызды дағдылар. Орталықтағы сабақтар мен кездесулер осы дағдыларды дамытуға бағытталады. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, педагогтермен пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты ортақ шешімдерді талқылай алады.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының іс-шаралары

2023 жылы басталған бұл жұмыс әр оқу жылында жалғасын тауып келеді. Мектеп пен ата-аналардың бірлескен әрекеті баланың өзін қауіпсіз сезінуіне, қолдау табуына және жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруды көздейді.

Нормативтік құжаттар

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді. Құжатты ашу →